Керамикалық ыдыс МИГЛ 83,84/А 27
Б.з.д. XVII – XV ғасыр.
Күйдiрiлген саз балшық.
Қолмен қалыптау.
D=15,7 см H= 13,5 см
Сақтаулы: Ернеуінің сынық жерi бар.
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: 1993 жыл. Усманова Э.Р. Лисаков археологиялық экспедициясының басшысы Қарағанды университетi археологиялық экспедициясының Лисаков отрядымен берiлген. Қазба жұмыстары кезiнде табылған.
Керамика ыдысы қыш құмыра пішіндес, жабыстырылған, текшетәрізді, түбі жалпақ. Беті тегіс, жылтыратылған, ақшыл-қоңыр түсті. Ернеуі дөңгелек, сыртқа қайырылған. Биік мойны ойық арқылы тұрқына ауысады. Биік емес тұрқы,тұпқойма түрінде жасалған түбіне ауысады.
Ыдыстың сыртындағы өрнектерi:
- мойынында - көлденең және шағын ирек сызықтар, үшқатарлы каннелюрлі;
- жігінде – кең каннелюрлі;
- тұрқы – бесқатарлы ирек сызықты;
- түпқоймасы – қатары үшбұрышпен сызылған және төртқатарлы каннелюрленген;
- түпкі бөлігі – қатары қисық үшбұрыштардан және үш көлденең сызықтардан жасалған.
Өрнектеріне тарақты штамп түсірілген. Алакөл үлгісіндегі андронов керамикалық ыдысы (андронов мәдениетінің- тарихи қауымдастығы).